Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер жұмысқа орналасу кезінде туыстары туралы мәлімет беруге міндеттелмек

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер жұмысқа орналасу кезінде туыстары туралы мәлімет беруге міндеттелмек Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер жұмысқа орналасу кезінде жақын туыстары туралы мәліметтерді ашуға міндеттеледі. Жаңа декларацияға олардың ЖСН-і, туыстық байланыстары және мүдделер қақтығысының ықтималдығы туралы ақпарат енгізілуі мүмкін. Мұндай норма Сенат бүгін бірінші оқылымда мақұлдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасында қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер жұмысқа орналасу кезінде жақын туыстары туралы мәліметтерді ашуға міндеттеледі. Жаңа декларацияға олардың ЖСН-і, туыстық байланыстары және мүдделер қақтығысының ықтималдығы туралы ақпарат енгізілуі мүмкін. Мұндай норма Сенат бүгін бірінші оқылымда мақұлдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасында қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сенатор Арман Өтеғұлов қолданыстағы заңнама мемлекеттік қызметшілерді табыстары мен активтерін, мүлкін декларациялауға міндеттейтінін, алайда енді жаңа тетік енгізу ұсынылап отыр - жеке мүдделер туралы декларация.

Оның айтуынша, бастапқыда заң жобасында мәліметтер тізбесі егжей-тегжейлі көрсетілген болатын, бірақ соңғы редакцияда ол алып тасталды. Енді декларация нысанын үкімет деңгейінде айқындау жоспарланып отыр.

Жарнама
Жарнама

"Бұл оның қаржылық жағдайын емес, нақты туыстық байланыстары мен қарым-қатынастарын, сондай-ақ онда мүдделер қақтығысының бар-жоғын көрсетеді", - деп нақтылады сенатор.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі Салауат Мүксімовтің сөзінше, екі декларацияның негізгі айырмашылығы - тапсыру мерзімі мен ақпараттың мазмұнында. Мүксімов жаңа декларацияға туыстар, олармен байланысты тұлғалар туралы мәліметтерді, сондай-ақ қосымша ақы төленетін қызметі болса, ол туралы ақпаратты да енгізу жоспарланып отырғанын айтты.

"Бұл - жеке мүдделер, туыстар және олармен байланысты тұлғалар туралы декларация. Егер қосымша ақы төленетін қызметі болса, ол да көрсетіледі", - деп түсіндірді шенеунік.

Туыстардың ЖСН-і: бұл міндетті талап бола ма?

Заңды талқылау барысында сенатор Серік Шайдаров мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда бірыңғай ақпараттық кадр жүйесін енгізу мәселесін көтерді.

Оның айтуынша, жақын туыстардың ЖСН-ін көрсету міндеті қарастырылған, бірақ іс жүзінде бұл қиындық тудыруы мүмкін. Мысалы, егер адам туыстарымен байланыста болмаса немесе олар шетелде тұрса не істеу керек? Осыған байланысты сенатор: "Бұл жұмысқа қабылдаудан бас тартуға негіз болмай ма?" - деп сұрады.

Салауат Мүксімовтің түсіндіруі бойынша, бұл талап жұмысқа орналасуға кедергі болмауы тиіс. Агенттік өкілінің сөзінше, мүдделер қақтығысын декларациялау міндеті алдымен кандидаттың өзіне жүктеледі, алайда деректерді растау мүмкін болмаған жағдайда жұмыс беруші іске кіріседі.

"Жұмыс беруші ақпараттық жүйелер арқылы мұндай ақпаратты сұратады және оның жақын туыстары туралы мәліметтерді алуға міндетті болады. АХАТ бөлімі арқылы әрбір азаматтың туу туралы ақпаратын алуға болады", - деді ол.

"Алыс туыстар да бақылауға ілігеді"

Сонымен қатар сенатор Бекбол Орынбасаров заң жобасының тікелей бағынысты болуға тыйым салынған тұлғалар тізімін кеңейтетініне назар аударды. Оған жақын туыстардан бөлек, "байланысты тұлғалар" - аға-әпкелер, нағашылар, жиендер, бөлелер мен немере ағайын-әпкелер де енгізілген. Депутат: "Автоматтандырылған мәліметтер базасы алыс туыстық деңгейлерді әрдайым қамти бермейтінін ескерсек, мұндай байланыстар қалай тексеріледі?" - деп сұрақ қойды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі реформаның басты мақсаты мүдделер қақтығысын болдырмау екенін атап өтті.

"Ең басты қағидат - мүдделер қақтығысымен күрес және дәл осы мүдделер қақтығысын декларациялау. Туыстық және жеке байланыстарды анықтау құқықтық тетіктер арқылы жүзеге асырылады. АХАТ жүйесі арқылы жеке тұлғалар туралы ақпаратты анықтауға болады (...) талдау мен мониторинг жүргізіледі", - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл нормалардың тек тікелей бағыныстылық жағдайларына қатысты екенін және туыстардың бір жүйеде жұмыс істеуіне толықтай тыйым салынатынын білдірмейтінін айтты.

"Әңгіме тек тікелей бағыныстылық туралы болып отыр (...) Мысалы, министрдің орынбасары мен департамент директоры (...) Олар бағыныстылық аясында туыстық байланыста болмауы тиіс. Бірақ сонымен қатар ол адам тікелей бағыныстылық жоқ басқа департаментте жұмыс істей алады", - деді ол.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама