Қазақстанда мемлекеттік сайттардың жұмысы қалпына келтірілді

viewings icon
133
comments icon
0
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

АО "Ұлттық ақпараттық технологиялар" сүйемелдейтін сервистердің жұмысы қалпына келтірілді. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АО "Ұлттық ақпараттық технологиялар" сүйемелдейтін сервистердің жұмысы қалпына келтірілді. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Цифрлық даму министрлігі "ҰАТ" АҚ сүйемелдейтін сервистердің, оның ішінде eGov.kz порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы, E-license порталы мен Ашық үкімет порталы, мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-ресурстары платформасы, сондай-ақ "Цифрлық құжаттар" сервисінің жұмысы қалпына келтірілгенін хабарлайды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктер қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді алу процесі қалпына келтірілген.

Реклама
Реклама

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта ұялы байланыс пен Meta сервистеріне (Facebook, Instagram, WhatsApp) қолжетімділік мәселелері жаһандық сипатқа ие. Осындай ақаулар әлемнің көптеген елдерінде тіркелген.

"Бұл ақаулар "ҰАТ" АҚ сүйемелдейтін сервистердің техникалық істен шығуына қатысты емес екенін атап өтеміз", – деп толықтырды министрлік.

Еске сала кетейік, 24 қаңтарда қазақстандықтар eGov.kz және gov.kz сайттарын ашу кезінде қиындықтарға тап болған еді. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның баспасөз қызметі мәселе мемлекеттік органдар серверлік орталығы инфрақұрылысындағы техникалық ақауда екенін, соның салдарынан "ҰАТ" АҚ сүйемелдейтін бірнеше сервистің уақытша қолжетімсіз болғанын хабарлаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная