11 желтоқсан 2019 12:28

Қазақстанда мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, "Жолаушылар тасымалы" АҚ екі бағыт бойынша қосымша электр пойыздарын іске қосады:

Реклама
Реклама

-  № 6803/6804 "Нұр-Сұлтан-Атбасар" бағыты бойынша 2019 жылдың 17 және 31 желтоқсан және 2020 жылдың 7 қаңтар күндері;

-  № 7502/7501 "Нұр-Сұлтан-Павлодар" бағыты бойынша 2019 жылдың 14 және 28 желтоқсан және 2020 жылдың 4 қаңтар күндері;

- № 7510/7509 "Нұр-Сұлтан-Павлодар" бағыты бойынша 2019 жылдың 13, 15, 17, 30 және 31 желтоқсан және 2020 жылдың 3,4,7 қаңтар күндері.

Сондай-ақ, "Алматы-Новосібір" бағытындағы №301/302 жолаушылар пойызы бір реттік сапарға шығады. Алматыдан 2020 жылдың 2 қаңтарында, ал кері бағытта Новосібір қаласынан 4 қаңтар күні.

Еске салайық, осыған дейін мереке күндері ұлттық тасымалдаушы төрт бағыт бойынша ("Алматы-2-Шымкент", "Алматы-2-Түркістан","Маңғыстау-Бейнеу", "Нұр-Сұлтан-Шу")  қосымша пойыздарды іске қосқаны хабарланған болатын.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram