18 қараша 2016 13:21

Қазақстанда мешіттердің ішкі тәртіп ережесі бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бүгін Алматыда өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінің мәжілісінде ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі талқыланып, бір ауыздан бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне слітеме жасап.


Бүгін Алматыда өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінің мәжілісінде ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі талқыланып, бір ауыздан бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне слітеме жасап.

Ереже мәтінімен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов және Діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев таныстырды.

Ережеде мешітке келушінің негізгі құқықтары, мешітте жасауға тыйым салынған әрекеттер, мешітке келушінің міндеттері жеке бөлім ретінде қамтылған. Сонымен бірге, ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі дін қызметкерлері мен мешітке келушілерге байланысты басқа да мәселелерді қадағалайды.

"Осы ереже Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерінің ішкі тәртіп ережелерін анықтайтын негізгі норматив акт. Ереже Қазақстан Республикасының "Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы басқа да заңнамаларының нормаларына, инструктив құжаттарына және еңбекті ұйымдастыру саласындағы нормативтік актілерге, сонымен қатар ҚМДБ Жарғысына сәйкес дайындалды. Мешітке келуші әр адамның негізгі құқықтары мен міндеттерін анықтауды, діни сенім бостандығы құқығын қорғауды, сондай-ақ діни қызметке байланысты басқа да мәселелерді реттеуді, халықтың мәдениеті мен рухани өмірін дамытуда ханафи мазхабының тарихи рөлін мойындауды, Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық келісімнің, діни төзімділіктің және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеуді негізге алады", - делінген ережеде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети