20 тамыз 2021 | 18:28

Қазақстанда мейрамхана мен клубтардың маңына полиция бекеттері қойылады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова коронавирустың таралуы мен эпидахуалдың өршуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова коронавирустың таралуы мен эпидахуалдың өршуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, аурудың күн сайын өсіп жатқанына қарамастан карантин режимін бұзу күн сайын тіркеліп жатыр. Маусымдағы 1,8 пайыз құқықбұзушылық көрсеткіші, тамызда 3,5 пайызға дейін артты. Әрине, жергілікті атқарушы органдар қосымша шаралар қолданады.

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында ірі мейрамханалар маңына полиция бекеттері қойылады. Осыған ұқсас іс-шаралар Алматыда да қабылданды. Түнгі клубтар маңына жергілікті атқарушы органдар іс-шара өткізуге жол бермеу үшін полиция бекеттерін қояды", - деді Есмағамбетова.

Санэпидбақылау комитетінің басшысы карантинді бұзған тұрғын вирустың таралуына өз үлесін қосатынын айтты.

Реклама
Реклама

"Біз вирусты мутацияға итермелейміз. Біз тағы да қазақстандықтарды қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, вакцина алуға шақырамыз. Карантин режимін сақтау керек, адам көп орындарға бармауға, той өткізбеуге, тойға қатыспауға шақырамыз. Өйткені, мұндай жиындар коронавирустың пайда болуынан бастап, өршуіне әкеп соғатынын көріп отырмыз", - деп қосты Айжан Есмағамбетова.

Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 74 клуб маңына полиция патрульдік көліктері қойылғанын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная