01 қаңтар 2022 17:11

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру бойынша аударымдар мөлшерлемесі өсті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

2022 жылдан бастап "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заңның 27-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аударымдары өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Учет.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2022 жылдан бастап "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заңның 27-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аударымдары өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Учет.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілердің қорға төлейтін жарналары аударымдарды есептеу нысанының 3 пайызы мөлшерінде белгіленді.

Жұмыс берушілер қызметкерге жалақысының 3 пайызын төлейді, бірақ 10 жалақыдан аспайтындай, яғни 18 мың теңгеден аспауы керек.

Реклама
Реклама

Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық келісім-шарттары бойынша табыс алатындар, табысының 2 пайызын төлейді, бірақ 12 мың теңгеден аспайды.

Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын жеке тұлғаларға - ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы немесе 4 200 теңге.

Сонымен қатар, 2022 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен салымдар көрсеткіші бұрынғы деңгейде - 2 пайыз.

Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап қорға төленуге жататын міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары ұлғаяды: 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 1,7 пайызы.

Бұған дейін Қазақстанда құжат жасату құны өзгергені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram