13 ақпан 2024 | 12:32

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру мәселесі қайта қаралуы мүмкін

Фото:depositphotos.com

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мобильді аударымдарды бақылау мәселесі қайта қаралатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мобильді аударымдарды бақылау мәселесі қайта қаралатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметте өткен брифинг барысында Байбазаров бұл мәселе күрделі екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Сондықтан мен бұл мәселені қайта қарауды тапсырамын, оны қаржы-экономикалық блок аясында қайта қараймыз. Тағы да механизмді, критерийлерді егжей-тегжейлі талқылаймыз. Бұл мәселеге қайта ораламыз", - деді шенеунік.

Еске салайық, 2022 жылғы наурыздан бастап "Төлемдер және аударымдар туралы" заң "мобильді төлем" ұғымымен толықтырылды, ол QR-кодты қолдана отырып, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы немесе POS-терминалдар арқылы қабылданатын қолма-қол ақшасыз төлем деп түсіндіріледі. Өзгерістер жеке мақсаттарда қолданылатын жеке тұлғалардың аударымдарына қатысты емес. Яғни, жеке тұлғалар, бұрынғыдай, өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударым жасай алады және қабылдай алады: туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек, сондай-ақ басқа да өмірлік жағдайлар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная