ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қазан 2021 | 14:44
Қазақстанда мұнай базаларын, көтерме және бөлшек сауда жеткізушілерін тексеру басталды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) және жанар-жағармай материалдарына (ЖЖМ) бағаны реттеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) және жанар-жағармай материалдарына (ЖЖМ) бағаны реттеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Қарағанды облысы Жеңіс Қасымбек және т.б. баяндады
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 0,2 пайыз құрады.
Бұған жұмыртқаның 2,7 пайызға қымбаттауы әсер етті. Жұмыртқа бағасының ең көп өсуі Маңғыстау (21,8 пайыз), Шығыс Қазақстан (16,6 пайыз) және Ақтөбе (12,1 пайыз) облыстарында тіркелді. "Айналым схемасы" шеңберінде өңірлерде 167,7 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатып алынды. Ең көп жасалғаны нан (41 мың тонна), картоп, ұн және қант (71,6 мың тонна) қоры болды. Күнбағыс майын, қарақұмық, сиыр еті мен қырыққабатты сатып алуға қаржыландыру ұлғайтылатын болады.
Нан бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында биылғы жылдың соңына дейін өңірлік тұрақтандыру қорларынан интервенциялар жүзеге асырылады, ал кейіннен "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК АҚ-дан арзандатылған бидай сатып алу арқылы жүзеге асады. Заңнамаға тиісті түзетулер мемлекеттік органдардың қарауында.
Ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін тасымалдауға тыйым салынды, а.ж. сәуір айынан бастап дизель отынының экспорты тоқтатылды, Атырау МӨЗ-інде жоспарлы жөндеу жұмыстары 2022 жылға ауыстырылды, а. ж. 1 қыркүйектен 5 қазанға дейін РФ-дан 55,9 мың тонна дизель отыны импортталды және басқа да шаралар қабылданды. Павлодар мұнай-химия зауытының мұнайды бастапқы өңдеу кешенін жөндеу мерзімін 1 қазаннан 9 қазанға ауыстыру қосымша 30 мың тонна дизель отынын өндіруге мүмкіндік берді. Жөндеу жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың 4 қарашасына жоспарланған.
Жыл басынан бері елімізде 78 млн тонна көмір өндірілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір өнімдерінің қажеттілік жоспарына сәйкес 2021-2022 жылдарға арналған тұтыну көлемі шамамен 9,2 млн тоннаға жуықты құрайды, оның ішінде 2,8 млн тоннасы – коммуналдық-тұрмыстық секторда, 6,4 млн тоннасын тұрғындар тұтынады. Бүгінде әкімдіктер 7,5 млн тонна көмір әкелді, бұл коммуналдық-тұрмыстық сектор қажеттілігінің 93,1%-ын және халықтың қажеттілігінің 76%-ын қамтамасыз етеді.
Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Шымкент қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында 87 тауар позициясы бойынша сауда үстемесін көтерудің 16 фактісін анықтады. Монополияға қарсы бақылау аясында дизель отыны нарығында бағаны төмендету туралы 19 хабарлама шығарылды. Мұнай базаларын, көтерме және бөлшек сауда жеткізушілерін дизель отынын өткізуді шектеудің негізділігі және оны ҚР аумағынан тыс жерге шығару мүмкіндігі тұрғысынан тексеру басталды.
Премьер-Министр өңірлердің әкімдеріне тұрақтандыру қорларын азық-түлікпен толықтыру және "айналым" схемасына қаражат бөлу жөніндегі жұмысты жандандыруды, сауда субъектілерінің сауда үстемесін бұзуы фактілері бойынша дереу шаралар қабылдауды, халықтың және коммуналдық-тұрмыстық сектордың қажеттіліктері үшін үздіксіз көмір жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің және инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также