20 қыркүйек 2021 | 12:45

Қазақстанда мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салуды жарты жылға ұзарту жоспарланып отыр. Бұйрық жобасын Сауда және интеграция, Ұлттық экономика, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салуды жарты жылға ұзарту жоспарланып отыр. Бұйрық жобасын Сауда және интеграция, Ұлттық экономика, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін экспорттаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрықтың жобасы 1 қазанға дейін "Ашық НҚА" сайтында жария талқылау үшін жарияланған.

"Көлік бактарында экспорттауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль жолымен бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.

Реклама
Реклама

Бұйрықта мұнай өнімдерін шығару көлемі 20 литрден аспайтын контейнерлерде рұқсат бірілгені айтылған.

Қазақстанда мұнай өнімдерінің экспортына шектеу енгізу туралы сәуірде хабарланды. Тиісті шешім, Энергетика министрлігі мәліметінше, ішкі нарықта мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындауына жол бермеу үшін қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная