22 қаңтар 2024 17:18

Қазақстанда наурызға пойыз билеттері алдын ала сатылмайды

Фото: ҚТЖ

Қаңтарда қазақстандықтар наурызға пойыз билеттерін алдын ала сатып ала алмайды. Наурыздағы билеттер тек ақпанның басында сатыла бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазіргі уақытта биылға жоспарланған темір жолдарды жөндеудің ауқымын ескере отырып, пойыздар қозғалысының кестесіне штаттық түзету жүргізіліп жатыр.

Наурызда теміржол билеттерін сату биылғы ақпанның басында ашылады", - делінген хабарламада.

Қаңтар және ақпанда жолаушылар пойыздарына билеттерді сату штаттық режимде жүргізіледі.

Реклама
Реклама

"Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі бойынша алуға болады. 2024 жылы шамамен 1400 шақырым жолды жөндеу жоспарланған".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram