Қазақстанда індеттің екінші толқыны басталды - министр

Қазақстанда індеттің екінші толқыны басталды - министр Фото : astrakhan.su

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирустың екінші толқыны мамырда басталғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирустың екінші толқыны мамырда басталғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда коронавирустың бірінші толқыны болды: сәуір айының екінші жартысында індет шарықтау шегіне жетіп, ауру жұқтырғандардың саны артты. Мамыр айының ортасында індет жұқтырғандардың саны қайта өсті. Бұл коронавирустың екінші толқыны басталғанын білдіреді", - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 12 124-ке жеткенін айтқан еді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама