Қазақстанда Nestle компаниясының сұрауы бойынша тексеру жүргізілді

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда Nestle компаниясының өтінішінен кейін тексеру жүргізілді. Бұл туралы брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда Nestle компаниясының өтінішінен кейін тексеру жүргізілді. Бұл туралы брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 7 ақпанда әділет органдары мен полицейлер Шымкентте Kit Kat және Nesquik сауда белгілерімен таңбаланған ондаған тауарды анықтаған.

"Әділет органдары 48 мыңнан аса жалған өнімді тәркіледі. Бұл өнім Шымкентте "Б." ЖШС көтерме сату арқылы тараған. Тексеру Nestle S.A. компаниясының өтініші негізінде жүргізілді", - деді Талғат Уәли.

Реклама
Реклама

Іс материалдары соттың қарауына жіберілді.

Әділет министрлігінің өкілі контрафактілік немесе жалған өнімдерді сату және тұтыну қазақстандық қоғам үшін күрделі мәселе екенін атап өтті. Бұл жосықсыз бәсекенің кесірінен табысы мен беделінен айырылатын тауар белгісі иелерінің құқығы мен мүддесін бұзып қана қоймай, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

"Жалған өнімдерде көбінесе токсиндер, аллергендер, канцерогендер, пестицидтер, ауыр металдар, гормондар, антибиотиктер және т.б. сияқты зиян немесе тыйым салынған заттар болады", - деп қосты Уәли.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама