Қазақстанда нөсер жауып, күн күрт суытады

Фото:depositphotos.com

Синоптиктер 17, 18 және 19 мамырға арналған ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 17, 18 және 19 мамырға арналған ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан бойынша жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел, дауыл күтіледі. Тек 17-18 мамырда Батыс Қазақстан, 17 мамырда Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Жаңбыр және бұршақ жаууы мүмкін:

Реклама
Реклама
  • 17 мамыр - Маңғыстау және Қызылорда облыстарында;
  • 17-18 мамыр - Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында;
  • 18 мамыр - Ұлытау және Түркістан облыстарында;
  • 18-19 мамыр - Павлодар, Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарында;
  • 19 мамыр - Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай және Жамбыл облыстарында.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында құмды дауыл күтіледі. Солтүстік және батыс өңірлерде 17-18 мамыр таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.

Қазақстандағы температуралық жағдай:

  • елдің батысында күндіз +23…+32°С;
  • солтүстік-батыста түнде +7…+15-тен +3…+10°С-қа дейін төмендейді, күндіз +15…+22-ден +18…+28°С-қа дейін көтеріледі;
  • елдің солтүстігінде түнде +15…+20-дан +5…+10°С-қа дейін төмендейді, күндіз +26…+31, солтүстік аудандарда +16…+21-ден +10…+15°С-қа дейін, 19 мамырдан бастап +17…+25°С-қа дейін көтеріледі;
  • орталықта түнде +15…+22-ден +5…+13°С-қа дейін төмендейді, 17 мамырда күндіз қатты ыстық +32…+37°С, өңірдің оңтүстігінде аптап ыстық +40°С, 18 мамырдан бастап күрт төмендеп +15…+20°С болады;
  • шығыста түнде +15…+22°С, 17-18 мамырда күндіз қатты ыстық +32…+37°С, өңірдің оңтүстігінде аптап ыстық +40°С, 19 мамырда күрт төмендеп +13…+18°С болады;
  • оңтүстікте түнде +18…+23-тен +10…+15°С-қа дейін төмендейді, 17 мамырда күндіз қатты ыстық +35…+43°С, 18 мамырдан бастап +20…+28°С болады;
  • оңтүстік-шығыста 17 мамырда күндіз қатты ыстық +32…+37°С, өңірдің оңтүстігінде аптап ыстық +40°С, 18 мамырдан бастап +20…+25°С-қа дейін төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама