20 сәуір 2021 | 15:31

Қазақстанда нотариус құжаттарына QR-код беріледі

Фото: elements.envato.com

Қазақстанда нотариустарда расталған құжатқа QR-код беріледі. Бұл туралы әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда нотариустарда расталған құжатқа QR-код беріледі. Бұл туралы әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылы Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеде құжаттарды сақтауға арналған орталықтандырылған электрон репозиторий құру жоспарланған.

"Болашақта нотариустар қағаз мұрағатынан бас тартады. 2021 жылы 1 шілдеден бастап жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін барлық өңірге ортақ жүйе енгізіледі. Егер бұрын бұл мәмілелер орналасқан жері бойынша нотариуста куәландырылған болса, енді тараптар орналасқан жеріне қарамастан кез келген нотариус қызметіне жүгіне алады. Бұдан бөлек әрбір нотариус құжатына QR-код беріледі. Ол бірегей және құжатты бұрмалаудың алдын алады", - деді ол.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, электрон құжаттарға қағазға балама ретінде тең құқық беріледі.

"Бұл азаматтардың уақытын үнемдеуге және құжатты пошта және курьер арқылы жіберуден аулақ болуға мүмкіндік береді", - деді Азамат Әмірғалиев.

Тағы бір жаңалық - құқықтар мен заңды талаптарды тоқтатуды тіркеу бір жұмыс күнінде қаралады. Бұл меншік иелеріне өз мүліктерін тез арада өткізуге мүмкіндік береді.

Ел Президенті бұл заңға 2021 жылдың ақпанында қол қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная