Қазақстанда "Нұр-Сұлтан" жазуы бар жол белгілері өзгертіліп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Қазақстанда "Нұр-Сұлтан" жазуы бар жол белгілері өзгертіліп жатыр

Республикалық тасжолдарда астананың атауы көрсетілген тақтайшалар өзгертіледі. Бұл туралы "Қазавтожол" ұлттық компаниясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астананың атауын өзгертуге байланысты Республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 467 ақпараттық тақтайшаны ауыстыру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 100-ге жуығы ауыстырылды", - делінген хабарламада.

Ақпараттық тақтайшалардың басым бөлігі Ақмола облысына тиесілі - 150 дана.

Жарнама
Жарнама

Ұлттық компанияның мәліметінше, ауыстыру Республикалық маңызы бар жолдарды ұстауға жыл сайын бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама