19 қараша 2020 | 09:24

Қазақстанда облыс әкімдері қандай көлікпен жүреді

Қазақстан облыстарының әкімдері қандай қызметтік көлікпен жүреді? Жауап алу үшін Tengrinews.kz тілшісі ведомстволарға ресми сауал жолдады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан облыстарының әкімдері қандай қызметтік көлікпен жүреді? Жауап алу үшін Tengrinews.kz тілшісі ведомстволарға ресми сауал жолдады.

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов (бұл қызметте 2019 жылдың 13 маусымынан бастап) 2018 жылы шыққан қара түсті Toyota Camry 70 маркалы қызметтік автокөлігімен жүріп-тұрады. 

Реклама
Реклама

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев (бұл қызметте 2019 жылдың маусымынан бастап) 2014 жылы шығарылған қара түсті Toyota Land Cruiser 200 қызметтік автокөлігімен жүреді.

Фото:bko.gov.kz

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке (бұл қызметте 2015 жылғы 11 қыркүйектен бастап) 2014 жылы шығарылған қара түсті Lexus 570 маркалы көлік бекітіліпті.

Фото: gov.kz

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев (бұл қызметте 2019 жылдың наурыз айынан бастап) 2017 жылы шығарылған қара түсті Toyota Land Cruiser-мен жүреді.

Фото:aqmola.gov.kz

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов (бұл қызметте 2014 жылдың 20 тамызынан бастап) Mercedes Benz S 500-бен жүреді, түсі - қара металлик, 2010 жылы шыққан.

Амандык Баталов. Фото: gov.kz

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов (бұл қызметте 2019 жылдың 18 желтоқсанынан бастап) Mercedes-Benz S 350 L көлігімен жүреді, түсі қара, 2010 жылы шыққан.

Махамбет Досмухамбетов

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев (бұл қызметте 2020 жылдың 10 ақпанынан бастап) 2011 жылы шыққан ақ Toyota Land Cruiser-мен жүреді.

Фото ©Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов (бұл қызметте 2014 жылғы 11 қарашадан бастап) 2010 жылы шыққан Lexus GX 460 көлігімен жүреді.

Фото ©Тұрар Қазанғапов

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова (бұл қызметте 2020 жылдың наурыз айынан бастап) екі қызметтік көлікпен жүреді екен. Біріншісі - 2007 жылы шығарылған қара түсті Mercedes-Benz 320 Si.

©Тұрар Қазанғапов

Ал шалғайдағы елді мекендерге іссапарлар кезінде, әкімдік мәліметінше, автомобиль жолдарының жағдайын ескере отырып, Гүлшара Әбдіхалықова 2011 жылы шығарылған қара түсті Lexus LХ 570 қызметтік автокөлігін пайдаланады.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов (бұл қызметте 2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап) 2014 жылы шыққан Lexus LX 540 қара көлігін мінеді.

Фото: Валерия Бугаева

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин (бұл қызметте 2019 жылдың 26 ақпанынан бастап) 2007 жылы шыққан Mercedes-Benz S 500 қызметтік автокөлігімен жүреді, түсі - қара.

Фото: facebook.com/ondassyn

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов (бұл қызметте 2017 жылдың 14 наурызынан бастап) 2016 жылы шыққан қара Mercedes-Benz мінеді.

©Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев (бұл қызметте 2019 жылдың 26 ақпанынан бастап) 2018 жылғы Audi А8 L қызметтік автокөлігімен жүреді. Түсі-қара металл.

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда қала әкімдері қандай көлікпен жүреді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная