ПОДЕЛИТЬСЯ
08 шілде 2019 | 13:50
Қазақстанда оқ-дәрі сақталатын барлық нысан тексеріледі
Арнайы комиссия Қазақстан Қарулы Күштерінің оқ-дәрілерін сақтау нысандарын тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Арнайы комиссия Қазақстан Қарулы Күштерінің оқ-дәрілерін сақтау нысандарын тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мұқият тексеру мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде арнайы комиссия құрылғаны айтылады.
"Комиссия құрамына оқ-дәрілерді сақтауды ұйымдастыру саласында арнайы техникалық білімі бар, сондай-ақ тиісті практикалық тәжірибесі бар, оның ішінде өртке қарсы және диверсияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жоғары білікті әскери мамандар кірді", - делінген хабарламада.
"Бұл әскери қызметшілер ҚР Қарулы Күштері бөлімдерінде, құрамалары мен базаларында оқ-дәрілерді, зымырандық-артиллериялық қару-жарақтарды сақтауға байланысты командалық лауазымдарда, оның ішінде ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары (2004-2005 жж.) лауазымдарында запастағы генерал-майор В. Назаренко және ҚР ҚК Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы Департаментінің бастығы запастағы генерал-майор М. Даиров (2016-2018 жж.) қызметтерінен өткен", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жұмыс барысында Комиссия оқ-дәрілерді сақтаудың шарттары мен тәртібін, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексереді, төтенше жағдайлардың туындау ықтимал тәуекелдеріне баға береді, сондай-ақ жергілікті жерлерде практикалық көмек көрсетілетін болады және оқ-дәрілерді сақтау объектілерінің қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша шаралар айқындалады.
Еске салайық, 24 маусымда Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Кейін апаттан 3 адам қаза тапқаны хабарланды.
Показать комментарии
Читайте также