30 маусым 2022 | 16:47

Қазақстанда оқу жылын маусымның соңына дейін ұзарту ұсынылды

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сарапшылар мен кейбір мектеп өкілдері Қазақстандағы оқу жылын маусымның соңына дейін ұзартуды ұсынды. Бұл туралы мамандар 2022-2023 жылдарға арналған білім беру процесін талқылауға арналған дөңгелек үстелде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сарапшылар мен кейбір мектеп өкілдері Қазақстандағы оқу жылын маусымның соңына дейін ұзартуды ұсынды. Бұл туралы мамандар 2022-2023 жылдарға арналған білім беру процесін талқылауға арналған дөңгелек үстелде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мамандардың сөзінше, қосымша оқу аптасын қосу күніне өтетін сабақ санын азайтуға, яғни оқушының күнделікті оқу жүктемесін азайтады. Одан бөлек, оқу жылын ұзарту күрделі тақырыптарды зерттеудің қарқындылығын төмендетеді. Сондай-ақ, жазғы демалыс ұзақтығын қысқарту білім алушылардың білімін жоғалту тәуекелін және мектеп аудиториялық қорына жүктемені төмендетеді.

"Еліміз оқу жылындағы аптасы ең аз елміз - 34 оқу аптасы бар. Дегенмен әлем бойынша каникул ең ұзақ елдердің біріміз - жылына 130 күн. Салыстырмалы түрде Израильде каникул 84 күн, Оңтүстік Кореяда - 90 күн, Жапонияда - 102 күн. Зерттеулерге сәйкес, балалар ұзақ демалғаннан кейін оқыған материалдың 25 пайызын ұмытып қалады. Сондықтан қазақстандық мектептердегі оқу жылын 38 аптаға созуды ұсындық - оқу жылын 15 тамыздан бастап 5 маусымда аяқтау. Немесе бұрынғыдай қыркүйектен бастап, 20 маусымға дейін созу", - дейді Binom School басқарушы директоры Арайлым Мағзұмова. 

Реклама
Реклама

"Әділет" орта және мектепке дейінгі білім беру қауымдастығының төрайымы Динара Құдайқұлова өз сөзінде оқу жылын ұзарту үшін оңтайлы деп санайтын мерзімдерді атап өтті.

"Мен 20-25 тамыздан оқушылар оқуға шыға бергені дұрыс деп есептеймін, расында балалар екі аптадай оқу процесіне қосыла алмай жүреді. Біз 20-25 тамыздан бастап, 5 маусымға дейін оқуды ұсынамыз", - дейді ол. 

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі сарапшылар қоғамдастығының ұсынысы талқыланып жатқанын хабарлады. 

"Сарапшылар оқу жылын ұзартуды ұсынып жүргенін білеміз. Айта кетейік, мұндай ұсыныстар сарапшылардан бірнеше жылдан бері түсіп жүр. Оның ішінде, оқу жылын маусымның соңына дейін ұзарту және тамыздан бастау ұсынылды. Олар халықаралық тәжірибеге сүйеніп, түрлі дәлел келтіреді. Бірақ бұл жағдайда нақты бір азаматтардың ұсынысын емес, ғылыми мәліметтерге де сүйену керек", - деді ведомство өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная