12 желтоқсан 2022 | 12:53

Қазақстанда онлайн шағын несие беруге толық тыйым салынуы мүмкін

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстанда онлайн шағын несие беруге толық тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда онлайн шағын несие беруге толық тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өзге елдердің кепілсіз онлайн-шағын несиеге толық тыйым салу туралы тәжірибесін зерттеп, тұтынушылық несиені тежеу керек. Өкінішке қарай, несиені оңды-солды алудың салдары экономикадағы балансты бұзуы мүмкін, бұны біз бұрыннан байқап келеміз. Қазір проблемалы несиелердің көлемі жарты триллион теңгеге жетті. Миллионнан астам адам алған несиесін төлей алмай келеді", - дейді Тоқаев.

Президент атап өткендей, алдыңғы несиесін жаба алмай қысылған халық оны жабу үшін қайтадан несие алуға мәжбүр болып отыр.

Реклама
Реклама

"Сондықтан, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жеке тұлғалардың банкроттығы мен сауықтыру» туралы заң жобасы іске қосылу керек. Бұдан өзге, кепілсіз онлайн шағын несиелерді қатаң түрде реттеу керек. Кейбір елдер бұған толық тыйым салған. Осы тәжірибені зерттеп көру керек", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная