11 желтоқсан 2018 | 11:12

Қазақстанда орташа жалақы 159 мың теңге болды

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 11 ай ішінде жалақының орташа айлық көрсеткіші 159 мың теңге болды. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 11 ай ішінде жалақының орташа айлық көрсеткіші 159 мың теңге болды. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР ҰЭМ басшысының мәліметінше, 2018 жылы 468 600 адам жұмыспен қамтылған. 

Реклама
Реклама

"Қазанда жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға төмендеді. Еңбек ақысы едәуір өсіп жатыр. Қаңтар-қазан аралығында жалақы орташа айлық көрсеткіші 159,5 мың теңгеге өсті. Шамамен 2,2 пайызға өскен", - деді Сүлейменов. 

Министрдің мәліметінше қаңтар-қыркүйек аралығында қаражат табысы 3,4 пайызға өскен. 

"Желтоқсанда жалпы ішкі өнімнің айтарлықтай бөлігі шешіледі. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар инвестициялық жобалар мен нәтижелердің сапалы көрсеткішін ұсынуы тиіс. Негізінде бұл мемлекеттік сатып алулар мен құрылыс саласына қатысты", - деді Сүлейменов. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная