Қазақстанда орташа жылдамдықты асырғандарға жаза қарастырылады

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS

Ішкі істер министрлігі тасжолда орташа жылдамдықты асырғаны үшін жаза қарастыратын өзгерістер дайындап жатқанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігі тасжолда орташа жылдамдықты асырғаны үшін жаза қарастыратын өзгерістер дайындап жатқанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сонымен қатар, қазір Ішкі істер министрлігі қала маңындағы жолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін көлік жүргізушілерін жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарастыратын түзетулер әзірлеп жатыр", - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев. 

Бұған дейін БАҚ-та Қазақстанда орташа жылдамдықты асырғандарға айыппұлды заңдастыру жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын. Қазақстан стандарттау және метрология институты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске "орташа жылдамдық" ұғымын енгізу жобасын дайындады.

Реклама
Реклама

Құжатты жаз аяғына дейін қабылдау керек. Бастапқыда, орташа жылдамдықты қала сыртындағы тасжолда өлшеп, кейін қаладағы камералар да бақылайды. Орташа жылдамдықты асырғаны үшін қандай айыппұл салынатыны әлі белгісіз.

2019 жылғы шілдеде сол кездегі ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елді мекеннен тысжолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін жауапкершілік енгізуді ұсынған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама