07 мамыр 2018 | 10:54

Қазақстанда Отан қорғаушы күніне арналған әскери шеру өтті

Нұрсұлтан Назарбаев © Ақорда

Жамбыл облысындағы (Оңтүстік Қазақстан) "Отар" әскери базасының полигонында 7 мамыр тойланатын Отан қорғаушы күніне арналған Әскери шеру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысындағы (Оңтүстік Қазақстан) "Отар" әскери базасының полигонында 7 мамыр тойланатын Отан қорғаушы күніне арналған Әскери шеру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шеруге 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300 бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 40 бірлік ұшу аппараты қатысады. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Президенті, қарулы күштердің жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Реклама
Реклама

Полигонда барлық облыстың және Астана мен Алматының әкімі бар. Сценарий бойынша, парад екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімде әкімдерге аумақтық қорғаныс бригадаларының жауынгерлік туы табыс етіледі. Ту табыс етілген соң, дәстүр бойынша, қонақтар мен көрермендер алдында салтанатты маршпен 19 жаяу шеру тобы жүріп өтеді, олардың қатарында ҚР ҚК Арнайы операциялар күштерінің, сонымен қатар, аумақтық әскер қызметкерлері бар.

Екінші бөлімде қару-жарақтар мен әскери техникалардың қатысуымен барлау-әскери бөлімшелері шынайы тактикалық әрекеттерді көрсетеді. Әскери шерудің соңында "Жетісу" ұшқыштық тобы ең жоғары пилотаж фигураларын орындайды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная