24 мамыр 2022 | 10:36

Қазақстанда отасқанына 20 жылдан асқан 6 мыңнан аса жұп ажырасқан

Камила Долаева Журналист
Сурет: Pixabay

Осы жылдың бірінші тоқсанында АХАТ органдарының деректері бойынша (некені бұзу туралы сот шешімдерін есепке алмағанда) 4,1 мың жұп ажырасуға тіркелген, көрсеткіш бір жыл ішінде 10,3 пайызға қысқарып отыр. Ranking.kz сайты 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелген ажырасу санына аналитика жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Осы жылдың бірінші тоқсанында АХАТ органдарының деректері бойынша (некені бұзу туралы сот шешімдерін есепке алмағанда) 4,1 мың жұп ажырасуға тіркелген, көрсеткіш бір жыл ішінде 10,3 пайызға қысқарып отыр. Ranking.kz сайты 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелген ажырасу санына аналитика жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауылдарда ажырасу саны бірден 27,5 пайызға, 721-ге дейін, қалаларда - 5,5 пайызға, 3,4 мыңға дейін қысқарған.

Өңірлер бойынша ажырасулардың ең көбі Алматыда тіркелді: 536 - бір жыл бұрынғыға қарағанда 19,9 пайызға аз. Антилидерлер үштігінде Алматы (466 ажырасу, минус 2,5 пайыз) және Қарағанды (417 ажырасу, минус 6,5 пайыз) облыстары кірді.

Реклама
Реклама

Қызылорда облысында ажырасқандар саны ең аз: барлығы 69, бір жыл бұрын 97 болған.

Былтыр Қазақстанда 48,2 мың жұп ажырасқан еді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 0,5 пайызға көп. 

2,7 мың жұп бір жыл да бірге өмір сүре алмады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 16 пайызға көп. Олардың басым бөлігі Алматы, Алматы облыстарында және астанада, ең азы - Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді.

Ажыраспай тұрып 4 жылға дейін бірге тұрған 14,1 мың жұп (жылына 4,4 пайызға аз) бар, 5 жылдан 9 жылға дейін - 12,7 мың жұп, 10 жылдан 14 жылға дейін - 7 мың жұп, 15 жылдан 19 жылға дейін - 3,3 мың жұп, 20 жылдан жоғары - 6,1 мың жұп. Ажырасқан тағы 2,3 мың жұптың неке ұзақтығы белгісіз.

2021 жылы ажырасу көбінесе наурызда болған: 4,6 мың жұп. Кейін шілде мен мамыр: сәйкесінше 4,3 мың және 4,2 мың ажырасу. Ең азы маусымда ажырасқан: 3,3 мың. 

2020 жылы ең көбі қаңтар, ақпан және наурызда ажырасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная