Қазақстанда отбасылық зорлықшы портреті жасалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©Әлихан Сариев

Қазақстанда биыл отбасылық-тұрмыстыққа қатысты 668 қылмыс тіркелген. Көбіне бұл жағдайға ер адамдар себеп болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, 80 пайыз жағдайда ер адам отбасылық жанжалға себепкер саналады. Әдетте олардың жасы 30-дан 50 жасқа дейінгі (52 пайыз) аралықта. 

"Оның 74 пайызында тұрақты жұмыс орны, ал 90 пайызында кәсіби және жоғары білімі жоқ. 78 пайыз жағдайда жәбірленушілер - әйелдер. Көбіне олар зорлықшыға материалдық және психологиялық жағынан тәуелді болады. Ұзақ жыл бойы қорлау мен қорқытуға шыдап жүреді. Балалар да зардап шегеді. Олар - қатыгез көріністердің куәсі", - деді ІІМ өкілі.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, ДДСҰ деректері бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасөспірімдердің психикасына, рухани және эмоционалдық дамуына кері әсер етеді. Олар бұл мінез-құлық үлгісін құрдастарына және басқаларға көрсетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама