Қазақстанда пәтерлерді жалға беру бағасы төмендей бастады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда пәтерлерді жалға беру бағасы төмендеп жатыр. Қазан айының ортасынан бері орташа есеппен 20 пайызға түскен. Мұндай деректерді Krisha.kz порталы келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда пәтерлерді жалға беру бағасы төмендеп жатыр. Қазан айының ортасынан бері орташа есеппен 20 пайызға түскен. Мұндай деректерді Krisha.kz порталы келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Портал мәліметінше, жалға берілетін баспана шекараға жақын қалаларда арзандаған: Петропавлда 41 пайызға, Ақтөбеде 36 пайызға, Павлодар мен Оралда 32 пайызға. Астанада жалдамалы пәтер бағасы 22 пайызға арзандаса, Алматыда 11 пайызға төмендеген.

Сонымен қатар, дүрбелең кезеңге дейін (1 қыркүйек) Қазақстанда пәтер жалдау орташа есеппен әлі 25 пайызға қымбат. Астана мен Алматыда бүгінде жалға алу қыркүйектен бері 28 және 33 пайызға жоғары.

Реклама
Реклама

Портал мәліметінше, ең қымбат жалдамалы пәтерлер Алматыда - бір бөлмелі пәтер айына орта есеппен 250 мың теңге, ал Талдықорғанда ең арзаны - бір бөлмелі пәтер 80 мың теңгеден.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама