25 наурыз 2022 | 15:47

Қазақстанда Pfizer вакцинасын кімдер салдыра алады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Қазақстанда Pfizer вакцинасын салдыратындар тізімі жаңарды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев жаңа қаулы бойынша америкалық вакцинаны кімдер салдыра алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда Pfizer вакцинасын салдыратындар тізімі жаңарды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев жаңа қаулы бойынша америкалық вакцинаны кімдер салдыра алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілі Pfizer ревакцинациясын кез келген адам салдыра алатынын айтты.

"Кез келген адам вакцинация пунктіне немесе емханаға келіп Pfizer салдыруға құқылы. Бірінші және екінші дозаны қабылдағаннан кейін алты ай өтуі және қолында жеке куәлігі болуы міндетті. Қазақстанда вакцинация мен ревакцинацияның барлық түрлері тегін", - деді Байтанаев.

Реклама
Реклама

Ол вакцина Қазақстанның барлық қалалары мен облыстарында бар екенін атап өтті.

"Бүгін Ведомствоаралық комиссия шешімі негізінде бас мемлекеттік дәрігердің жаңа қаулысы шығады. Жаңа қаулыда барлық ережелер жазылады: кімге, қалай және қандай құжаттар қажет екені. Ревакцинацияны жеке куәлік арқылы кедергісіз алуға болады", - деп қосты Ержан Байтанаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная