ПОДЕЛИТЬСЯ
07 наурыз 2024 | 09:34
Қазақстанда полицейлер қандай көліктер мініп жүр?
Әлемнің көптеген елдері сияқты Қазақстандағы полиция көліктері де қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және қоғамдық тәртіпті сақтауда маңызды рөл атқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлемнің көптеген елдері сияқты Қазақстандағы полиция көліктері де қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және қоғамдық тәртіпті сақтауда маңызды рөл атқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengri Auto еліміздің әр өңірінде полицейлер қандай көлік мініп жүргенін анықтап көрді.
ІІМ баспасөз қызметі мәлеметінше, бүгінде қалалар мен облыстардың Полиция департаменті балансында әртүрлі маркадағы 14 599 көлік бар.
Бүгінде Қазақстандағы Полиция департаменттері паркі негізінен мына маркадағы көліктерден құралған:
- Toyota;
- Hyundai;
- Kia;
- Chevrolet;
- Skoda.
Сондай-ақ, патрульдер қолданатын алғашқы он көлік модельіне: Peugeot, Lada, Ford, Jac және SsangYong кірді.
Желтоқсанда Жамбыл облысы ПД 2023 жылы Тараз патрульдік полиция батальонына JAC S-4 электромобильдерін сатып алғанын айтқан едік. Басқа өңірлерде электр көліктері сатып алынған жоқ.
Бүгінде тәртіп сақшыларын толығымен электромобильге көшіру жоспары жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также