12 наурыз 2021 | 14:50

Қазақстанда полицейлердің зейнетке шығу жасын көтеру жоспарланды

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Қазақстанда полиция қызметкерлеріне зейнетке шығу жасын көтеру жоспарланды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда полиция қызметкерлеріне зейнетке шығу жасын көтеру жоспарланды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері өте тәжірибелі, кәсіби шеберлігі жоғары. Соған қарамастан 45-55 жасында зейнетке шығып, жұмыстан кетуге мәжбүр. Кейін олар әртүрлі коммерциялық құрылымда жұмыс істейді. Біз бұл мәселені көтеріп жатырмыз және зейнетке шығу жасын да қарастырамыз", - деді Тұрғымбаев Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, майор шеніндегі қызметкерлерге зейнеткерлік жасты 52 жасқа дейін көтеру жоспарланған. Подполковниктер үшін - 55 жас, полковниктер үшін - 58 жас, жоғары басшылық құрам үшін - 63 жасқа дейін.

Реклама
Реклама

"Біз әлі де жобаны талқылап жатырмыз. Басқа елдерде зейнет жасы басқаша. Мысалы, Ресейде - 60 жас, Жапония, Германияда - 65 жас. Біз бұл мәселені де қарастырамыз", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная