ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қараша 2022 | 11:31
Қазақстанда президент сайлауының қорытындысы жарияланды
Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан президенті сайлауының ресми қорытындылары жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан президенті сайлауының ресми қорытындылары жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кеше біз президент сайлауының алдын ала қорытындысын жарияладық. Енді барлық шешім негізінде біз 20 қарашада өткен президенттің кезектен тыс сайлауын қорытындылай аламыз. Жалпы 8 300 046 адам сайлауға қатысты, бұл жалпы сайлаушылардың 69,44 пайызы.
Дауыс беру қорытындысы бойынша кандидаттар:
Қарақат Әбден - 206 206 дауыс немесе 2,6 пайыз;
Нұрлан Әуесбаев - 176 116 дауыс немесе 2,22 пайыз;
Жигули Дайрабаев - 271 641 дауыс немесе 3,42 пайыз;
Мейрам Қажыкен - 200 907 дауыс немесе 2,53 пайыз;
Қасым-Жомарт Тоқаев - 6 456 392 дауыс немесе 81,31 пайыз;
Салтанат Тұрсынбекова - 168 731 дауыс немесе 2,12 пайыз дауыс", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Әбдіров осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланғанын айтты.
ОСК мүшелері сайлау қорытындысымен хаттамаға қол қойды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также