Қазақстанда Президент туралы жаңа заң қабылданды

Қазақстанда Президент туралы жаңа заң қабылданды Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бүгін Мәжіліс пен Сенат депутаттары Парламент палаталарының бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін Мәжіліс пен Сенат депутаттары Парламент палаталарының бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Конституциялық заң жобасы биыл 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған Конституцияға сәйкес әзірленгенін мәлімдеді.

Жоба Қазақстан Президенті мен вице-президентінің құқықтық мәртебесін айқындайды. Құжат 8 тараудан және 43 баптан тұрады. Депутаттың айтуынша, онда қолданыстағы Конституциялық заңмен белгіленген құқықтық реттеудің негізгі принциптерінің сабақтастығы сақталған.

Жарнама
Жарнама

Сонымен қатар Шапақ заң жобасы 2026 жылғы Конституция ережелеріне бейімделгенін атап өтті. Сондай-ақ оған мемлекеттік биліктің жаңа институттарын құруға байланысты нормалар енгізілген. Бұдан бөлек, бұрын қолданыста болған нормалар айтарлықтай пысықталып, редакциялық тұрғыдан жақсартылған.

Заң жобасы бастапқы редакциясында ұсынылды, мәтін бойынша түзетулер мен ескертулер түскен жоқ. Мәжіліс пен Сенат депутаттары заң жобасын екінші оқылымда қабылдау үшін дауыс берді.

Мән-жайы

Бұған дейін Қазақстанда Президент туралы заң өзгеретіні хабарланған. Заң жобасының негізгі ережелері туралы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев егжей-тегжейлі айтып берді.

Президент туралы заң жобасы республикалық референдумда қабылданған Конституцияға сәйкес әзірленген. Ол заң шығару бастамасы тәртібімен Президенттің арнайы Жолдауымен депутаттардың қарауына енгізілген.

Жаңа Конституция 15 наурызда республикалық референдумда қабылданды. Оны жақтап 7 954 667 қазақстандық, яғни дауыс бергендердің 87,15 пайызы дауыс берді. Құжаттың басты жаңалықтарының қатарында - вице-президент лауазымын енгізу, бірпалаталы Парламент - Құрылтайға көшу, сондай-ақ Қазақстанның Халық кеңесін құру бар.

Сондай-ақ вице-президентті Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайды. Заң жобасына сәйкес, жасы 40-тан төмен емес, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, соңғы 15 жылда елде тұратын және жоғары білімі бар, тумысынан Қазақстан азаматы болып табылатын тұлға вице-президент бола алады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама