Қазақстанда проблемалық кредиттерді жеке компанияларға беру ұсынылды

Қазақстанда проблемалық кредиттерді жеке компанияларға беру ұсынылды Фото © Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева проблемалық активтерді басқарумен айналысатын Проблемалық кредиттер қорын таратуды ұсынды. Парламент мүшесінің пікірінше, құрылымның қазіргі сипаты түбегейлі қайта қарауды талап етеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева проблемалық активтерді басқарумен айналысатын Проблемалық кредиттер қорын таратуды ұсынды. Парламент мүшесінің пікірінше, құрылымның қазіргі сипаты түбегейлі қайта қарауды талап етеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған сауалында депутат қордың 2012 жылы уақытша дағдарысқа қарсы механизм ретінде құрылғанын, бірақ осы уақытқа дейін қызметін аяқтаудың нақты мерзімінсіз жұмыс істеп келе жатқанын мәлімдеді. Савельеваның пікірінше, бұл нарықтық бәсекелестіктің және жеке стрестік активтер нарығының дамуына кедергі келтіреді.

Депутат Жоғары аудиторлық палатаның деректеріне сүйене отырып, қор активтерін басқару тиімділігі төмен екенін атап өтті. Сауалда айтылғандай, табыстың бір бөлігі ұзақ уақыт бойы бюджетке және Ұлттық қорға аударылмай, Проблемалық кредиттер қорының шоттарында жинақталған. Мәжіліс депутатының сөзінше, құрылымда тиімділіктің нақты көрсеткіштері жоқ, ал әкімшілік шығындар күмән тудырады.

Жарнама
Жарнама
Анықтама:"Проблемалық кредиттер қоры" АҚ (ПКҚ) - 2012 жылы Қазақстан Ұлттық банкінің бастамасымен (қазір Қаржы министрлігінің басқаруында) банк секторын сауықтыру үшін құрылған мамандандырылған ұйым. ПКҚ екінші деңгейлі банктерден "жұмыс істемейтін" (проблемалық) қарыздар мен активтерді сатып алып, олардың теңгерімі мен қаржылық тұрақтылығын жақсартады.

"Жоғарыда айтылғандардың негізінде үкіметтен келесі ұсыныстарды қарастыруды сұраймыз: қалдық активтерді бәсекелестік ортаға немесе Қаржы министрлігінің тікелей басқаруына берудің нақты мерзімдерін белгілей отырып, Проблемалық кредиттер қорын трансформациялау немесе тарату жөніндегі жол картасын бекіту", - деп ұсынды Савельева.

Сондай-ақ депутат мыналарды ұсынды:

  • ПКҚ-ны табыстарды Ұлттық қор мен бюджетке дереу аударуға міндеттеу;
  • қор мен Қаржы министрлігінің басшылығы үшін KPI енгізу;
  • қызметкерлер саны мен әкімшілік шығындарға аудит жүргізу;
  • қор үшін салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды қайта қарау.

Еске сала кетейік, биыл ақпанда ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі прокуратураның үйлестіруімен Қаржы министрлігінің "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасын ұстады.

ҰҚК мәліметінше, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелген. Тергеу материалдары бойынша, ол жеке меншік иесіне кепіл мүлкін сатудан түскен, қорға аударылуы тиіс қаражатты заңсыз ұстап қалу құқығын беріп, мемлекетке 11,4 миллиард теңге шығын келтірген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама