Қазақстанда прокурорларға жаңа өкілеттіктер берілді

Қазақстанда прокурорларға жаңа өкілеттіктер берілді Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Мемлекет басшысы инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңнамалық түзетулер пакетіне қол қойды. Түзетулерге сәйкес, прокурорлардың жаңа өкілеттіктері пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңнамалық түзетулер пакетіне қол қойды. Түзетулерге сәйкес, прокурорлардың жаңа өкілеттіктері пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетіне сілтеме жасап.

Басты жаңалық - инвестициялық омбудсмен функцияларының Бас прокурорға берілуі. Инвестициялық омбудсмен қызметін ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз етумен Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті айналысады.

Анықтама: Инвестициялық омбудсмен - бұл инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың мемлекеттік органдармен дауларын шешуге және әкімшілік кедергілерді соттан тыс тәртіппен жоюға арналған лауазымды тұлға.
Жарнама
Жарнама

Өңірлерде инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді және инвесторлардың өтініштерін қарауды инвестициялық прокурорлар жалғастыра береді.

Комитет басқармасының бастығы Гүлнәр Қасқарбаеваның айтуынша, қабылданған түзетулер инвесторларды қорғау саласындағы прокуратура өкілеттіктерін айтарлықтай кеңейтеді. Енді прокурорлар орындалуы міндетті нұсқамалар енгізе алады, инвесторлардың мүддесі үшін сотқа жүгіне алады, бірақ ең бастысы - инвесторлар мен мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері арасындағы дауларды соталды реттеу алаңы құрылады.

"Инвесторларға қатысты негізсіз шешімдердің алдын алуда өзінің тиімділігін дәлелдеген "прокурорлық сүзгі" тетігі қосымша кеңейтіліп жатыр. Енді инвесторларға қарсы берілетін талап арыздар мен мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер ғана емес, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шешімдері, соның ішінде келісімшарт, келісім мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешімдері де прокурормен міндетті түрде келісілуге тиіс", - деді Қасқарбаева.

Прокурордың нұсқаулары мен нұсқамаларын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді.

Қабылданған өзгерістер бизнестің құқықтарын қорғау кепілдіктерін одан әрі нығайтуға, елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және инвесторлар үшін неғұрлым болжамды әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама