ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қыркүйек 2022 | 14:54
Қазақстанда ірі инвесторларға жаңа мүмкіндік беріледі
Шетелдік бизнесмендерге 10 жылдық виза және Қазақстанда тұруға рұқсат алу мүмкіндігі беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, елімізде ең талап етілетін және жоғары білікті кадрлардың тапшылығын азайту қажет.
"Сұранысқа ие болып отырған және жоғары білікті мамандардың тапшылығын азайту қажет. Ғылым, денсаулық сақтау, өндіріс, IT салаларының білікті мамандарына жеңілдік жасалады. Мемлекет оларға елімізде тұрақты тұру үшін виза береді.
Шетел кәсіпкерлері он жылға виза рәсімдеп, Қазақстанда тұруға мүмкіндік алады. Бірақ, олар экономикамызға 300 мың доллардан астам инвестиция салуы қажет", - деді Тоқаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также