ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қараша 2023 | 11:02
Қазақстанда ірі нысандардың құрылысы тексерілді
ҚМА мемлекеттің негізсіз шығындарын болдырмау мақсатында ірі объектілердің құрылысына мониторинг жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚМА мемлекеттің негізсіз шығындарын болдырмау мақсатында ірі объектілердің құрылысына мониторинг жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
ҚМА мәліметінше, "Мемсараптама" РМК көмегімен Астананың энергия торабындағы апатқа қарсы автоматиканы модернизациялау бойынша жоба құны 1,9 миллиард теңгеге арзандатылды. Мұнда жобаны әзірлеушілер электр шкафтарының бағасын негізсіз қымбаттатқан.
"Тағы бір жағдайда Астанада құбыр бағасын өсіруге байланысты магистральдық айналма кәріз коллекторын салу құны 5,3 миллиард теңгеге арзандатылды.
Петропавлдағы Солнечный кентінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу кезінде электр қосалқы станцияларының құнын 4 есе арттыру фактісі анықталды. Нәтижесінде 2,3 миллиард теңге бюджет қаражаты үнемделді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта облыс әкімдіктерімен тағы 24 нысан бойынша мемлекет шығындарын 13 миллиард теңгеге төмендету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, Қарағандыда өндірістік ағындар мен жерүсті сарқынды суларын тазартатын құрылыс жобасы бойынша жабдықтың тек үш түрінің ғана құны 541 миллион теңгеге асырылды.
Жалпы алғанда, 8 жоба бойынша екі айдың ішінде бюджет шығындары 10 миллиард теңгеге төмендетілді. Бұл жұмыс әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту процесіне қатысушылар тарапынан жымқыру фактілерінің алдын алуға және оларды қылмыстық жауапкершілік пен сот талқылауларына тартудан қорғауға бағытталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также