Қарағандыда заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топтың қызметі әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Облыс прокуратурасы ҰҚК департаментімен бірлесіп, шетелдіктерге уақытша тұруға 700-ден астам рұқсатты заңсыз беруді ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметін әшкереледі.
"Қылмыстық схемаға ХҚКО, медициналық мекемелердің қызметкерлерінің және "көмекшілер" деп аталатындардың кіргені анықталды. Заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың аталған фактісі облыс прокуратурасының АЕК-іне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін ҰҚКД ТБ-ға жіберілді, қазіргі уақытта үш айыпталушы сотқа берілді", - делінген хабарламада.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде істің мән-жайлары жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!