Қазақстанда радио мен телеарналар уақытша өшіріледі

Қазақстанда радио мен телеарналар уақытша өшіріледі Фото:depositphotos.com

Қазақстанда телевизия мен радио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазтелерадио" АҚ мәліметінше, өшіру жұмыстары 15 сәуірде Астана уақытымен сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жоспарланған.

Компания мәліметінще, бұл уақытта спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Жарнама
Жарнама

"Жұмыстарды жүргізу кезінде Қазақстанның бүкіл аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.

"Қазтелерадио" ақпаратынша, бұл сапалы телерадиохабар таратуды қамтамасыз ету мақсатында жасалады.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама