09 қазан 2020 08:54

Қазақстанда "Рамстор" дүкендер желісі жабылып жатыр

Фото: Tengrinews.kz мұрағатынан

"Рамстор" супермаркеттер желісінің құрылтайшысы Қазақстандағы дүкендерді жабу туралы шешім шығарды. Тек Алматыдағы Ramstore All In жабылмайды. Migros Ticaret A.Ş. компаниясының жоспары туралы Ыстамбұл қор биржасында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 2020 жылғы І жартыжылдық қорытындысы бойынша компанияның жиынтық сатылымының шамамен 0,8 пайызын "Рамстор Қазақстан" әкеледі екен.

Реклама
Реклама

"Компанияның өсім және нарықтағы жағдайға шоғырлану стратегиясына байланысты "Рамстор Қазақстан" бөлшек операцияларын қайта бағаладық. Қазақстанда жұмыс істейтін бір дүкенді беру және алты дүкенді жалға беру, сондай-ақ бұл дүкендердегі жабдықтар мен тауар қорын сату туралы келіссөздар басталды. Аталған дүкендерді беруді елдің монополияға қарсы органы растау керек", - деді құрылтайшы.

"Хабар 24" мәліметінше, сатып алушылар дүкенде жиналған бонусын жыл соңына дейін пайдалануы керек. Сонымен қатар, дүкеннің үш түрлі картасы бойынша жеңілдіктер тоқтатылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram