ПОДЕЛИТЬСЯ
06 мамыр 2022 | 12:26
Қазақстанда референдум қалай өтеді?
Орталық сайлау комиссиясы өкілі республикалық референдум өткізу тәртібін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орталық сайлау комиссиясы өкілі республикалық референдум өткізу тәртібін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу тәртібі "Республикалық референдум туралы" 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық заңда көрсетілген. Референдумды өткізуге азаматтар ерікті түрде қатысады әрі бұл жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең және тікелей қатысу құқығына негізделеді", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров ОСК отырысында.
Оның айтуынша, әкімдіктер дауыс беруге арналған учаскелерді анықтап, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімін жасауы тиіс. Референдумды әзірлеу мен өткізуді ОСК, аумақтық сайлау комиссиялары мен учаскелік сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Орталық референдум комиссиясының қызметін ОСК атқарады.
"Референдумның құрамын, аумақтық және учаскелік комиссияларын жариялау мерзімдері, комиссиялардың орналасқан жері мен жұмыс уақыты туралы мәліметтер референдум тағайындалғаннан кейін 10 күннен кешіктірілмей, ал нақты айтқанда, 15 мамырдан кешіктірілмей БАҚ-та жариялануы тиіс. Дәл осындай мерзімде әкімдер БАҚ-та референдум учаскелерінің шекаралары туралы ақпараттарды жариялауы тиіс.
Үгіт Жарлық енгізілген сәтте басталып, 4 маусымда аяқталады.
Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдеріне әкім қол қояды және дауыс беру басталғанға дейін 20 күн бұрын, 15 мамырдан кешіктірмей акт бойынша ұсынылады", - деп хабарлады Петров.
20 мамырдан бастап әрбір азамат келіп, тізімнен өзін тексере алады.
Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды дауыс беруге кемінде 10 күн қалғанда, яғни 25 мамырдан кешіктірмей хабардар етуі қажет.
"Аумақтық сайлау комиссиясы басқаша белгілемесе, учаскелік комиссиялар жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өткізуі тиіс", - деп түсіндірді Петров.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также