ПОДЕЛИТЬСЯ
12 мамыр 2022 | 11:16
Қазақстанда референдумға 16,4 миллиард теңге бөлінеді
Қаржы министрі - премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда референдум өткізуге 16,4 миллиард теңге жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржы министрі - премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда референдум өткізуге 16,4 миллиард теңге жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тарапынан тиісті есептер ұсынылды. Бүгін үкімет қаулы қабылдады. Ақша республикалық бюджеттен бөлінеді", - деді Жамаубаев Үкімет кулуарында.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум туралы конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойған болатын. Кейін Орталық сайлау комиссиясы өкілі республикалық референдум өткізу тәртібін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также