10 қыркүйек 2021 | 10:00

Қазақстанда ресми автолотерея іске қосылды

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап әрбір қазақстандық "Сәтті Жұлдыз" АҚ ұлттық лотерея операторының жаңа бірегей жобасының қатысушысы болып, автомобиль ұтып ала алады. Армандаған автокөлікті интернетте сайтқа кіріп, онлайн түрде билет сатып алу арқылы ұтуға болады. Түрлі баға мен кластағы автомобильдер ұтысы жоба сайтында тікелей эфирде көрсетіледі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап әрбір қазақстандық "Сәтті Жұлдыз" АҚ ұлттық лотерея операторының жаңа бірегей жобасының қатысушысы болып, автомобиль ұтып ала алады. Армандаған автокөлікті интернетте сайтқа кіріп, онлайн түрде билет сатып алу арқылы ұтуға болады. Түрлі баға мен кластағы автомобильдер ұтысы жоба сайтында тікелей эфирде көрсетіледі.

Avto Loto – Қазақстанның автокөлік иелерінің ұтыс ойыны үшін ұсынатын жалғыз ресми автолотереясы. Яғни, Avto Loto лотереясы автокөлік ұтып алуға мүмкіндік берумен қатар, иелеріне өз көлігін лотереяда ойнату арқылы сатуға мүмкіндік береді. Ұтыс ойындары реттеушінің, Мәдениет және спорт министрлігінің бақылауымен елдің заңнамасына сәйкес түрде өткізіледі. Avto Loto ұйымдастырушылары ең заманауи француз лотерея жабдықтарымен және жетекші әлемдік өндірушілердің бағдарламалық жабдықтауымен жұмыс істейді, бұл әр ойыншыға жеңіске жетуге, сонымен қатар енгізілген деректердің қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Реклама
Реклама

"Avto Loto" ЖШС бас директоры Ескендір Жаркешев

"Бүгінде барлығы бірдей жай ғана барып, көлік сатып ала алмайды немесе тіпті несие ала алмайды. Бұл елдің көптеген тұрғыны үшін қымбат және жиі қиын. Біз қазақстандықтарға машина сатып алудың салыстырмалы түрде жылдам әрі арзан тәсілін ұсына отырып, барлық азаматымыздың мүмкіндіктерін теңестіруді ұйғардық. Сонымен қатар, Avto Loto – бұл заңды және ашық өнім. Жеңімпаз тікелей эфирде қатысушылар арасында әділ анықталады. Олардың әрқайсы 1990, 4990 немесе 9990 теңгеге лотерея арқылы сату үшін иесі ұсынған автокөліктің қожайыны болу мүмкіндігін ала алады", - дейді "Avto Loto" ЖШС бас директоры Ескендір Жаркешев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AVTO LOTO (@avtoloto.kz)

Айта кетейік, Avto Loto лотереясының жеке ұтыс ойынына қатысушыларының жеңіске жетуге деген мүмкіндігі зор, әр автомобильге 751-ден бірнеше мың адамға дейін келеді. Бұл олардың әрқайсына қалтасы көтеретін сомаға автокөлік ұтып алуға мүмкіндік береді.

Лотереяға арналған жаңа немесе мінілген көліктердің иелері лотерея сайтындағы онлайн-өтінімдер арқылы ұсынады. Лотереяға тігілген әр машина модерациядан және тәуелсіз бағалаудан өтеді, ал оның иесі автомобиль құнының 20 пайызына дейін сыйақы алады.

Avto Loto ұтыс ойыны сатылған билеттердің құны көліктің нарықтағы құнына жетсе де өте береді – мұндай жағдайларда жүлде қоры 100 пайыз болады. Бұдан басқа, Avto Loto лотереясының операциялық ойын кірісінің 15 пайызы дәстүрлі түрде Қазақстанның дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталады.

Avto Loto лотереясына сілтеме арқылы қатыса аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram