08 маусым 2022 | 09:54

Қазақстанда ресми түрде үш жаңа облыс пайда болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
©Tengrinews.kz

Қазақстанда ресми түрде үш жаңа облыс пайда болды, - деп хабарлайды "Хабар-24"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда ресми түрде үш жаңа облыс пайда болды, - деп хабарлайды "Хабар-24"

Қазақстан Президентінің 4 мамырдағы елдің жаңа өңірлерін құру туралы Жарлығы ресми түрде 8 маусымнан бастап күшіне енді.

Ұлытау облысы - ең үлкен өңірлердің бірі, екі ауданнан тұрады - Жаңарқа, Ұлытау, облыстағы үш қала - Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев. Жезқазған - мыс өнеркәсібінің орталығы, ол аймақтың әкімшілік орталығына айналған. Жаңа облыстың халқы шамамен 226 мың адам болуы тиіс.

Реклама
Реклама

Абай облысы Шығыс Қазақстан облысынан бөлінген. Кеңес заманында оның аумағында Семей облысы орналасқан. Өңір орталығы Семей қаласы болды. Облысқа сегіз аудан кірді: Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар, сондай-ақ, екі қала - Семей және Курчатов. Облыс халқы шамамен 640 мың адам болуы тиіс.

Алматы облысы құрамынан бөлінген облыс - Жетісу облысы. Онда 650 мыңға жуық адам тұрады. Облыстың әкімшілік орталығы Алматы облысының бұрынғы орталығы - Талдықорғанда орналасқан. Облысқа сегіз аудан және екі қала кірді - Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, Талдықорған және Текелі қалалары.

Бұған дейін Қазақстанда жаңа облыстар пайда болғаннан кейін ел әкімшілік жағынан 20 аумаққа бөлінетіні белгілі болған: 17 облыс және республикалық маңызы бар үш қала.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру қажет екенін мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная