1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда ревакцинация қашан басталатыны белгілі болды

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірлесіп, азаматтарды коронавирусқа қарсы ревакцинациялау

© REUTERS

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірлесіп, азаматтарды коронавирусқа қарсы ревакцинациялау тәсілдерін әзірледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ревакцинацияны 6-9 айдан кейін жасау ұсынылды, оның ішінде: 

  • векторлы вакцина (Спутник) салдырғандарға - 9 айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ-вакцина (Pfizer) салу ұсынылады; 
  • инактивтелген вакцина (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) салдырғандарға - 6 айдан кейін векторлы (Спутник) немесе м-РНҚ-вакцина (Pfizer) салдыру ұсынылады;
  • м-РНҚ вакцина (Pfizer) салдырғандарға - 6 айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлы (Спутник) вакцина салдыру ұсынылады;
  • вакцина курсынан кейін коронавирус жұқтырғандарға - аурудан айыққаннан кейін үш айдан соң салдыру ұсынылады. 

"Осылайша, ревакцинацияны биыл қарашаның III онкүндігінде бастау жоспарланып отыр. Ревакцинация жасау контингенті: қауіпті топтағы адамдар (медицина қызметкерлері, педагогтер, МӘМ және жабық мекемелердің қызметкерлері мен контингенті, әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері); 60 жастан асқандар; өз бетінше зерттеуден өткен және коронавирус антиденелеріне теріс тест нәтижесі бар адамдар", - деді Алексей Цой. 

Ревакцинация үшін вакцинаның бір дозасы салынады.  

Бұл мәселе коронавирус таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына шығарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!