Қазақстанда ревакцинациядан өтуі тиіс адамдардың тізімі шықты

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирусқа қарсы ревакцинация туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирусқа қарсы ревакцинация туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгеріс енгізілді.

Жаңа қаулыға сәйкес, "КВИ-ға қарсы ревакцинация екпенің толық курсын алған адамдарға және бұрын коронавирусқа қарсы профилактикалық екпе жасап, 6 ай аралықтан кейін бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі".

Реклама
Реклама

Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинация алуы керек. 

Коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары мына адамдар қайта вакцинацияланады:

1) медицина қызметкерлері;

2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;

3) күш құрылымдарының қызметкерлері;

4) педагогтар;

5) пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;

6) 50 жастан асқан адамдар.

Қаулы 25 мамырдан бастап күшіне енеді.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама