24 маусым 2021 | 13:48

Қазақстанда рейдерлік үшін жаза қатаңдайды

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Қазақстанда тұрғындар мен кәсіпкерлерді мемлекеттік, құқық қорғау және өзге де органдардың заңсыз әрекетінен қорғау мақсатында рейдерлік үшін қылмыстық жауапкершілік бекітіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда тұрғындар мен кәсіпкерлерді мемлекеттік, құқық қорғау және өзге де органдардың заңсыз әрекетінен қорғау мақсатында рейдерлік үшін қылмыстық жауапкершілік бекітіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаторлар рейдерлікпен күрес, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдың заңсыз айналымына тоқтау салуға қатысты заң қабылдады.

Кәсіпкерлерге қатысты рейдерліктің қылмыстық жауаптылығы күшейтіледі. Лауазымды тұлғаның осы тектес қылмыс жасағаны дәлелденсе, 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұрын бұл мерзім 3-7 жылмен шектелген.

Реклама
Реклама

Бұдан бөлек, бизнестің және азаматтардың заңсыз тексеру және тінтуге қатысты жазған арызын қарау мерзімі қысқартылады. Енді мұндай арыз 3 күнде қаралады.

Жаңа құжат кәсіпкердің мемлекеттік орган өкілі үстінен түсірген арызына тексеру жүргізу кезіндегі прокурор құқығын кеңейтеді. Сонымен қатар мемлекеттік орган белгілеген тыйым салу немесе шектеу шараларын жоя алады.

Бағалы металдар айналымына қатысы бар жауапты тұлғалардың қылмыстық жазасы да күшейтілген.

Еске салайық, Қылмыстық кодекс 249-бабының жаңа бөлімі - 1-1-бөлігі құқық қорғау және өзге де органдарды қолдана отырып күш көрсетумен байланысты рейдерлікке қылмыстық жауапкершілікті күшейтеді. Рейдерлік әрекетті ұйымдастырған және оларға көмектескен лауазымды тұлғалар да қылмыстық жауапқа тартылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная