23 қыркүйек 2019 | 14:13

Қазақстанда рұқсат етілмеген митингіге шыққан қанша адам жазаланды?

Қазақстан қалаларында рұқсат етілмеген митингіге шыққан 100 шақты адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан қалаларында рұқсат етілмеген митингіге шыққан 100 шақты адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"21 қыркүйекке дейін Бас прокуратура Қазақстанның әр қалаларында белгіленген жерлерде рұқсат етілмеген митингіге шығу заңсыз екенін ескертті. Сондай-ақ, біз өз тарапымыздан осы митингілердің заңсыз екен ескерттік және 21 қыркүйекте адамдар тобы жиналған жерлерге полицейлер жасағы шықты және профилактикалық жұмыстар жасалды. Бұл күндері ішкі істер органдарының ғимараттарына 100-ге жуық адам жеткізілді. Олардың 15-і жауапкершілікке тартылды, 9-ы әкімшілік қамауға алынды, алтауына әкімшілік айыппұл салынды", - деді Тұрғымбаев үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап бере отырып. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, басқа ұсталғандармен профилактикалық жұмыстар жүргізідген соң, үйлеріне жіберілген. 

Сондай-ақ, министр рұқсат етілмеген митингілер жеті-сегіз қалада өткенін айтты. 

Нұр-Сұлтанда заңсыз митингіге шыққан 50-ден аса адам ұсталды

Осыған дейін, елордада және Алматыда заңсыз митингіге шыққан 57 адам ұсталғаны туралы айтылған еді.

Әлеуметтік желіде қыз баланың ұсталғаны видеоға түсірілді. Полицейлер оның кәмелет жасқа толғанын айтты. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная