ПОДЕЛИТЬСЯ
Кеше | 12:24
Қазақстанда сәлемдемелер мен хаттарды басқа адамға алуға рұқсат етіледі
Енді пошта жөнелтілімін PIN-код арқылы алуға болады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Енді пошта жөнелтілімін PIN-код арқылы алуға болады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Мәжіліс пошта нарығын дамытуға бағытталған "Пошта туралы" заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
- Осылайша пошта жөнелтілімін жеткізу және тапсыру рәсімін оңайлату, құпиясөз (пин-код) енгізе отырып, құқықты растау арқылы сенім білдірілген өкілдерге не үшінші тұлғаларға беру қарастырылған.
- Поштаматтарды көппәтерлі тұрғын үйлерде орналастыру нормалары да нақтыланады.
- Ғимараттардың, құрылысжайлардың, пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері пошта операторларына поштаматтарды шарттық негізде орнату үшін алаңдар бере алады.
- Сонымен қатар, пошта жәшіктері арқылы қарапайым хаттарды жіберу көлемінің жыл сайынғы төмендеуін, олардың өзектілігінің жоғалуын, күтіп-ұстау шығындарын және пошта бөлімшелерінде хаттарды қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, бұл нормаларды заң мәтінінен алып тастау ұсынылады. Бұл ретте көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан абоненттік жәшіктер туралы ережелер өзгеріссіз қалады.
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин заң жобасы аясында "Қазпошта" АҚ-ның еліміздің өңірлеріне дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша логистикалық әріптес болуына мүмкіндік беретін түзетулер енгізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Бұл оператордың инфрақұрылымын сақтап қалуға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге және болашақта дәрі-дәрмектерді "есікке дейін" жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. ...Заң жобасында ұсынылған түзетулер Қазпоштаға кеден брокері ретінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бұл тұтынушылар үшін кедендік құжаттарды ресімдеуді жеңілдетеді және халықаралық электрондық саудаға жол ашады. Осы өзгерістер, әсіресе, ауылдағы азаматтарға үлкен мүмкіндік береді", - деді депутат.
Депутат Нұртай Сабильянов та қосымша баяндама жасап, қазір ауылдық жерлерде "Қазпошта" АҚ-ның 1986 пошта бөлімшесі орналасқанын (жалпы Қазақстан 2605 бөлімше) айтты.
"Қазпошта шалғайдағы елді мекендерде қызмет көрсететін жалғыз оператор. Саны 2000 адамнан төмен көптеген ауылда пошта бөлімшелері жоқ екенін ескере отырып, ауыл тұрғындарын бұл қызметтермен одан әрі қамту үшін қолжетімділік көрсеткіштерін қайта қарау қажет деп санаймыз. Жалпы заң жобасы бойынша 61 түзету келіп түсті, олар жұмыс тобының отырыстарында жан-жақты талқыланды", - деді ол.
Айта кетейік, Мәжіліс отырысында "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасы талқыланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также