ПОДЕЛИТЬСЯ
28 желтоқсан 2023 | 09:32
Қазақстанда салық органдары такси жүргізушілері мен сатушыларды қашан тексере бастайды?
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті такси жүргізушілері мен дүкен сатушылары салық органдары назарына қашан ілігетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті такси жүргізушілері мен дүкен сатушылары салық органдары назарына қашан ілігетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Егер бұл азаматтар үшінші кезеңге кірмесе, онда олар жеке тұлға, 2026 жылдан бастап декларация тапсыруы тиіс. Үшінші кезеңге жеке кәсіпкерлер, құрылтайшылар, заңды тұлғаның директорлары-қатысушылары, олардың жұбайлары кіреді. Егер олар осы адамдар тізіміне енсе, онда 2025 жылы декларация тапсырады", - деді министрліктің МКК Жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерін және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов.
Оның айтуынша, жеке тұлғаларды тексеру жалпыға бірдей декларацияны тапсырудың төртінші кезеңіне енгізілген қазақстандықтардың декларациясы туралы мәліметтер алғаннан кейін 2027 жылы басталады.
Бұған дейін МКК қазақстандықтардың аударымдары туралы банктерден кезең кезеңімен ақпарат келіп түсетін күндерді жариялаған болатын:
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап-мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша (2022 жылдың қорытындысы бойынша);
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары бойынша (2023 жылдың қорытындысы бойынша);
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша (2024 жылдың қорытындысы бойынша);
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – халықтың қалған бөлігі бойынша (2025 жылдың қорытындысы бойынша).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также