27 наурыз 2021 12:55

Қазақстанда санитарлық бекеттер қайта қойылады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ел өңірлерінде санитар бекеттер қайта қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 


Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ел өңірлерінде санитар бекеттер қайта қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, Ақтөбе облысының Ойыл ауданы қауіпті індеттің таралуы бойынша қызыл аймаққа енді. Осыған орай өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысы шығып, бірқатар нысанның жұмысына шектеу қойылды.

"Оның ішінде, дүкендер мен базарлар және өзге де ұйымдардың жұмыс тәртібі қаралған. Шаштараз, сұлулық салондары тұрғындарды алдын ала жазылу бойынша қабылдайды. Көпшіліктің қатысатын іс-шараларды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынды.

Ал аудан орталығына кіреберісте санитарлық бекет орнатылып, кентке келетін және шығатын адамдарға сауалнама жүргізіледі. Ауру белгісі байқалғандар зертханалық тексеруден өту үшін екі тәулікке карантиндік стационарға жатқызылады. Оң нәтиже анықталса, инфекциялық емханаға бағытталады. Ал қорытындысы теріс болғандары үйде оқшаулануы тиіс", - делінген "Хабар 24" сайтында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети