19 шілде 2022 | 18:07

Қазақстанда "сары" аймаққа қойылатын шектеулер қайта қаралды

Дина Шарипханова Корреспондент

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирусқа байланысты шектеу шараларын қайта қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирусқа байланысты шектеу шараларын қайта қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда соңғы аптада коронавирус инфекциясымен сырқаттану 3,2 есеге өсті. Олардың ішінде ауырғандардың 89 пайызға жуығы екпе алмаған және соңғы 6 ай көлемінде ревакцинациядан өтпегендер үлесінде.

"Вакциналау деңгейі, айналымдағы "омикрон" нұсқасының ерекшеліктері мен денсаулық сақтау жүйесінің дайындығы ескеріле отырып, сырқаттанушылық көрсеткішін 100 мың адамға шаққандағы төсек-орындарының жүктемесі көрсеткішіне алмастырылып, 3 аймақ – "жасыл", "сары", "қызыл" аймақтарға бөле отырып, ағымдағы COVID-19-дың эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасы өзектендірілді. Өзектендірілген матрица ағымдағы эпидемиологиялық жағдайларда халықтың және бизнес объектілерінің тіршілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Матрицаның өзектендірілгені ескеріле отырып, эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда шектеу шараларын енгізу шарттары қайта қаралды. Өңір "жасыл" аймақта болып, бірақ "R" саны жоғары болса, жабық орындар мен қоғамдық көлікте маска кию ұсынылады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Өңір "сары" аймаққа ауысқан жағдайда:

  • науқаспен байланыста болғандарды қашықтан жұмыс жасау нысанына ауыстыру;
  • COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болған COVID-19-ға қарсы екпеге түбегейлі қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді қашықтан жұмыс жасау нысанына ауыстыру;
  • білім беру ұйымдарында топтарды біріктіре отырып, іс-шараларды өткізуді болдырмау (топтарда іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі);
  • объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау, объектілерде үй-жайларды күнделікті ылғалды жинау және желдету.

Медициналық маскаларды тағуға кеңес беру:

  • халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, тж вокзалы, автовокзалдар, базарлар, СОСО, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО, банктер, көрермендерді қатыстыра отырып өткізілетін спорттық шаралар);
  • ұйымдасқан ұжымдарда;
  • көліктің барлық түрінде (қоғамдық көлік, әуе, тж, халықаралық автобус тасымалдары).

Сондай-ақ, Ведомствоаралық комиссия "Атамекен" ҰКП-мен және мүдделі мемлекеттік органдармен "қызыл" аймаққа өту кезінде көзделген шараларды қосымша талқылауды тапсырды.

Отырыс соңында Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Бизнестің қызметін шектеусіз қамтамасыз ету мақсатында "Атамекен" ҰКП кәсіпорын қызметкерлерін вакциналау және уақтылы қайта вакциналаумен қамту, бизнес нысандарында санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу ұсынылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная