Қазақстанда сәуірде ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 2025 жылдың сәуіріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктері 2025 жылдың сәуіріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәуірде күн жыли түседі. Көпжылдық деректерге сәйкес, айдың бірінші онкүндігінде елдің солтүстігінде тәуліктік орташа ауа температурасы 0 градустан өтіп, оң мәнге көтеріледі, ал оңтүстікте +10 градустан асады.

Сәуірдің бірінші онкүндігі

Реклама
Реклама

Сәуірдің бірінші онкүндігінде елдің солтүстік бөлігінде түнде жауын-шашын күтіледі, жаңбыр қарға айналуы, көктайғақ болуы мүмкін, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік аймақтарда найзағай соғып, жаңбыр жауады деп болжанады. Республика бойынша жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, ал түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі ықтимал.

Сәуір айындағы температуралық ауытқулар мынадай болады:

  • Батыс Қазақстанда: түнде +8...+13 градустан -3...+8 градусқа дейін, күндіз +18...+25 градустан +11...+16 градусқа дейін, оңтүстік-батыс облыстарында күндіз ауа +20...+28 градусқа дейін жылынады.
  • Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда: түнде -5...+5 градустан +3...+8 градусқа дейін, күндіз +8...+13 градустан +15...+22 градусқа дейін.
  • Оңтүстік аймақтарда: түнде +2...+10 градустан +10...+15 градусқа дейін, күндіз +18...+25 градустан +25...+30 градусқа дейін.
  • Оңтүстік-шығыста: түнде -5...+5 градустан +7...+12 градусқа дейін, күндіз +12...+20 градустан +18...+27 градусқа дейін.

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігі

"Сәуірдің екінші онкүндігінде елдің солтүстік бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін, ал үшінші онкүндікте негізінен жаңбыр жауады", - деді синоптиктер.

Қазақстанның көп бөлігінде түнде +5...+13 градустан -3...+5 градусқа дейін, күндіз +15...+25 градустан +8...+13 градусқа дейін температуралық өзгерістер күтіледі.

Оңтүстік және батыс өңірлерде күндіз ауа +23...+32 градусқа дейін жылынады, бірақ кей күндері +10...+18 градусқа дейін салқындауы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама